Бүгін алматылықтар жұмыс пен сабаққа кешігіп жетті. Себебі таңғы сағат алты жарымнан бастап, жолаушылар метроның барлық станциясында жолақыны ONAY қосымшасындағы QR-код арқылы төлей алмаған. Соның салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болды. Алматы метрополитенінің хабарлауынша ONAY жүйесіндегі техникалық ақау сағат 9 жарымда толығымен жойылды. Мекеме қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.