«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Азаматтық алаң» пікірталас клубы ашылды
Бірінші жиында бірқатар мәселе талқыланды. Солардың бірі – ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуде, бірқатар өзгешелік енгізу. Қатысушылар: «Мерекені қалыптасқан дағдыға сай емес, кеңінен насихаттау қажет», – дейді. Тағы мейрамды 14 наурыздан бастау керектігі айтылды. Наурыз каникулын енгізіп, демалыс күндерін көбейту де ұсынылды.
Кемелбек Ойшыбаев, «Рухани жаңғыру» ҚҚД институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Наурыз мерекесін тойлауға қатысты іс-шараларды 14 наурызда бастап, 22-сіне дейін жалғастырсақ, «Наурыз сыйлық» деген сияқты тағы да басқа маркетингтік шаралар енгізсек деген ойымыз бар. Салт-дәстүрлерді жандандырсақ және мерекенің әр күнін бір атаулы іс-шараға арнасақ деген де ұсынысымыз бар.