«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері волонтерлер қатарына қосылады
Онда жасөспірімдер «Smart sarbaz» атты көрмеде өз туындыларын таныстырып, робототехника саласындағы соңғы жетістіктерімен бөлісті. Алдағы уақытта жоба аясында 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Меніңше, жігіттерді осылай қолдап тұру керек. Оларды ел білу керек. Жалғыз ғана мектеп емес, Қазақстан елі білу керек. Мен осы іс-шараны әрі қарай жалғастыру әрқайсысымыздың парызымыз деп ойлаймын.
Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы филиалының төрағасы:
- Волонтер жылында Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жастарының әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында 6013 жас сарбазбен осы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Жоба аясында халық қаһармандары, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтеді. Онымен қоса дала жиындары, жеңіл атлетикадан марафондар өтеді. ерікті болу – жүректің ісі, яғни шын ниеттің көрінісі.