Көктемде 609 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Сондай-ақ Қарағанды облысы, яғни орталық Қазақстан да бар. Сонымен қатар шығыс өңірлер де тас түйін дайын болуы тиіс. Себебі мұнда да биыл қар қалың түсті.
Үкіметте талқыланған ең басты мәселенің бірі су тасқынының алдын алу болды. Биыл көктемде 609 елді мекен, 675 тасжол мен 259 теміржолды су алуы мүмкін. Жағдай елордада, солтүстік пен шығыста ауыр. Көктемгі тасқынға Үкімет резервінен 34 млрд теңге қарастырылған. Елдегі 463 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет. «Ал кей өңірлердің қауырт кезеңге дайындығы сылбыр», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, батыс өңірлерде жергілікті атқарушы органдар бірнеше жыл қажет іс-шараларды орындамаса, шығыста 2019 жыл мен биылға тиісті қаржы бөлінбеген. Солтүстікте де жағдай көңіл көншітпейді. Бір облысқа былтыр қаржы мүлде бөлінбесе, екінші облыс ішінара қаржыландырылған. «Сондықтан су тасқынына толық дайынбыз деп айтуға әлі ерте», – дейді жауапты ведомство өкілдері.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:
- Теміржол бойынша біз былтырғы су тақыны болған жерлерге қарап, 673 қауіпті учаскені белгіледік. 42 арнайы пойыз әзірледік. Автомобиль жолдары, теміржол бойынша бүкіл инерттік метериа жанармай, құм, қиыршық тастар дайын.