Мүфтиятта Құранның қазақша аудармасы мен тәпсірі жазылған жаңа кітап таныстырылды
Қазір кей жастар Құран мағынасын жете түсінбей, жат ағымдарға кетіп жатқанын ескерсек, бұл еңбектің көмегі көп. Авторы – исламтанушы, наиб мүфти Ершат Оңғаров. Оны редакциялаған жазушы – Нұржан Мұратәлі. Кітапқа енген деректер 10 жыл бойы жиналыпты. Бұған дейін шағын көлемде басылған. Толықтырылған жаңа нұсқасы мың беттен асады. Таралымы әзірге 3 мың дана.
Ершат Оңғаров, кітап авторы:
- Енді бұл жастарға рухани тәрбиеге және терең таным алуға құрал болады деп сенемін. Ғылыми жаңалықтар, медицина, гидрология астрология, дін дидактикасы саласында үлкен рөл атқарады. Қазақтың танымына түсінікті тілде жеткізуге тырыстық.