ШҚО-да мыңнан артық су ағу каналы тазаланды
Алдын-алу шарасында ең алдымен жол талғамайтын көліктер мен техниклар тексерілді. Мыңнан артық су ағу каналы мен 170 шақырымдай арық тазаланды. Соңынан қарғын су ортасында қалған тұрғындарға көмек көрсетіп, оларды эвакуациялау барысы пысықталды. Сондай-ақ жағалауларды бекіту жұмыстары да жүргізілді. Бірақ мамандар күншығыстағы жағдай аса мәз емес деп отыр. Өйткені осы жылы өңірде «100-ден астам елді мекенді су басуы мүмкін» деген болжам бар.
Дмитрий Титов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
- Әкімдік қолдауымен қашықтықтан мәліметтерді жинақтайтын мекемемен келісімшарт жасадық. Яғни өңірдегі қар қабатының еру қарқыны, өзен-көлдердегі су деңгейі көрсеткіштері, күн райының жылыну салдарынан болатын өзгерістер ғарыштан зерттеліп, бақыланады. Енді барлығы ауа райына байланысты. Облыста 3 мыңнан астам адамнан құралған жеке құрам дайын отыр.