Волонтер жылы аясында алматылық 200-ге жуық жас қан тапсыруда
Нұрдәулет Әбдіқадыров, қалалық қан орталығының донорлар жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі:
- Егер IV топ теріс резус факторы келетін болса, ол үшін қуанамыз. Тек осы қан көмек беретін көп жағдай бар. Қазір ғылым қанша дамыды десе де, жасанды қанды ешкім ойлап тапқан жоқ. Сондықтан қан – Алматы қаласына күнделікті керек нәрсе.
Нұрай Әбжан, студент:
- Негізі қан тапсырған тапсырушы донорға да және қабылдаған реципиентке де пайдалы. «Өзімнің қанымды неге мұқтаж адамдарға бермеске?!», – деп ойладым. Осылайша бір адамның өмірін құтқарып қалсам, бұл менің жетістігім деп есептеймін.