Өзен-көлдерді тазарту жұмыстарының түзетілген жобасы дайын емес
Ақтөбелік белсенділер осындай ұсыныс жасады. Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде 2018 жылы бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөліп, су қоймалар бойындағы тал-теректердің оталғандығы көпшіліктің шымбайына батқан болатын.
Ақтөбеліктер бұлақ көзін ашамын деген желеумен жердің қыр-сырын білмейтін, сырттан келген адамдардың кесірінен бұлақтардың көзі бітеліп, су тартылып қалды деп наразылық білдірген еді. Содан кейін ғана прокуратура органдары тексеру жүргізіп, табиғатқа бұрын-соңды болмаған орасан зор залал келгенін анықтап, бірнеше қылмыстық іс қозғады. Сол уақытта осы жобамен айналысқан мердігерлермен қатар мемлекеттік органдарды да жауапқа тартылуы тиіс еді.
Ал экологиялық ахуал есепке алынбай жүзеге асқан жобаға да түзетулер енгізілуі керек болатын. Бірақ әлі күнге дейін жауаптылар анықталмай отыр. Құжаттың жаңа үлгісі де көпшіліктің назарына ұсынылмады.
Пётр Мурашкевич, волонтер:
- Наурыз айында бұл жобаға түзетулер енгізу үшін қаражат бөлінеді деп сендірді. Содан кейін ғана қолға алынатын болады. Бірақ менің ойымша, түзету жұмыстарына жергілікті халықты қатыстыру керек деп ойлаймын. Себебі кейбір жерде тазарту жұмыстарын тіптен жүргізудің қажеті жоқ. Бұған дейін қиратып кеткен орындарды да қайтадан қалыпқа келтіру керек.