Агро саланы өркендетуге арналған семинар өтті
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған тиісті құжаттарға қол қойылды. Нәтижесінде әлемге әйгілі өндіріс орындары біздің шаруалармен етене жұмыс істейді. Техникаларын ұсынады. Жалпы қазір ауыл шаруашылығында білім тарату жүйесін дамыту өзекті болып тұр. Біріншіден, тауар өндірушілердің біліктілігін арттыру керек. Екіншіден, ғалымдардың жаңалығын өндірістерге жылдам енгізу қажет. Агро салада жүргендердің тілек-өтінішін мемлекеттік органдарға, техника шығаратын зауыт, тыңайтқыш өндіретін кәсіпорындарға жеткізу де аса маңызды. Мұның барлығы осы семинар барысында талқыланды. Жиынға 200-ден аса сала мамандары қатысып, өздеріне қажетті ақпарат алды.
Төлеутай Рахымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
- Қандай талаптары бар? Тауар өндірушілердің, тыңайтқыштың қандай түрі керек? Техниканың қандай параметрлері болуы керек? Сұранысты, талаптарды қанша мерзімде жеткізеді? Бұл семинардан осы сияқты сауалдардың жауабын алуға болады.