Қызметкері пара алса, басшысы жазаланады
Тиісті заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай қарамағындағы қызметкері пара алған басшы сот үкімінен соң 10 күннің ішінде қызметін босатуы керек. Алайда бұл заң өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін жасалған қылмыстарға ғана қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік саяси қызметші қызметке тағайындалған соң үш ай өткеннен кейін ғана жасалған жемқорлық үшін жауапты болмақ.
Ерлан Сапаров, Қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры:
- 10 желтоқсаннан бері қарай үш қылмыстық іс тоқтатылған. 136 тұлға бойынша сот үкімі шыққан. Бірақ бұлар – 10 желтоқсанға дейінгі жасалған қылмыстар бойынша орын алып отырған фактілер. Сондықтан отставкаға беру туралы факт әлі тіркелген жоқ.