«Халық дауысы» жобасының ІІІ маусымы басталды
Онда ең белсенді әкім, министр, мемлекеттік қайраткер және ұлттық компания басшысы деген 4 номинация ұсынылған. Сондай-ақ оқырман қалалардың ластану деңгейіне, инфрақұрылымдық және мәдени дамуына да баға бере алады.
«Халық дауысы» жобасында қазақстандықтар сайт арқылы өзінің сүйікті қаласы мен мемлекеттік қызметкерге дауыс бере алады. Таңдау жасау оңай. Ол үшін сайттың басты бетіндегі сол жағында орналасқан «Голос народа» бөліміне өту керек. Содан кейін мұнда ұсынылған әкімдер мен әртүрлі қалаларға өз дауысыңызды «қарсымын» немесе «қолдаймын» деп лайк басу арқылы дауыс бере аласыз.
Сеитжан Арыстан, Nur.kz порталы GR-департаментінің директоры:
- Мемлекет басшысының Жолдауында халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы айтылды. «Халық дауысы» жобасы Президент тапсырмасындағы міндеттер мен мақсатқа толық сай келеді. Яғни мемлекеттік қызметкерлер өз жұмысының шынайы бағасын ала алады. Және елдегі кез келген ахуалға бейжай қарамайтын адамдардың әр дауысы, әр пікірі мемлекет үшін де маңызды екенін көрсеткіміз келеді.
Дауыс беру онлайн режимде өтеді. Сонымен қатар дауыс беру үшін сайтқа әлеуметтік желідегі аккаунт арқылы тіркелу қажет. Бұл рейтинг қазылар алқасы мен бақылаушы тараптың араласуынсыз, тек халықтың дауыс беру жүйесі арқылы ғана анықталды.
Сеитжан Арыстан, Nur.kz порталы GR-департаментінің директоры:
- Неліктен біздің рейтинг әділ, шынайы және халық арасында танымал? Өйткені дауыс берген әр адам тек өзінің әлеуметтік желісі арқылы ғана таңдау жасай алады. Сондай-ақ ол адамның ел тұрғыны болуы маңызды. Тұрғылықты мекенжайы міндетті түрде Қазақстанда болуы керек. Осылайша жалған дауыс жинап, дауысын көбейтіп, алдайтындарға жол берілмейді.
Nur.kz сайты ұйымдастырған «Халық дауысы» жобасының ІІІ маусымы биыл 10 ақпанда басталды. Дауыс берудің соңғы күні 30 наурызда аяқталады. Сондықтан тұрғындардың сайт арқылы әлі де өз таңдауын жасауға уақыты бар.
Авторлары: Азамат Әбілқайыр, Мейрамбек Ахмаханов