ШҚО-да «Бақытты отбасы» орталығы ашылады
Яғни олар қандай да бір әлеуметтік төлемдерді немесе құжаттарды рәсімдеу барысында нақты мамандардан кеңес алып, жұмыстарын жүргізе алады. Тіпті бұл орталықта жас аналар кішкене балаларын уақытша қалдырып та кете алады. Ол үшін ойын бөлмесі жабдықталмақ. Клубқа келген әйелдерге кәсіпкерліктің қыр-сыры жайлы нақты мәліметтер беріледі. Сөйтіп олар өз бетінше бизнес жоспар құрып, ойға алған істерін бастауына болады. Бұл жоба аймақтағы көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі тарапынан қолға алынбақ.
Анар Сүлейменова, көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің басшысы:
- Шағын қолөнер цехі де болады. Біз осының барлығын белгілі бір кәсіппен айналысуға ниеттенген аналарға қолдау ретінде ұйымдастырмақшымыз. Осылайша олардың демеушілер табуына да мүмкіндік болады. Бізбен бірлесе жұмыс істеп, дамиды.