Хабар телеарнасы

Коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы белгілі болды

Koronavirus

Оның алтауы Алматыдан анықталған болатын. Олардың қазіргі жағдайы туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифингте хабарлады.

«Алматы қаласында коронавирус анықталған 6 адамның 4-еуінің жағдайы қалыпты, ал 2-еуінің денсаулығы орташа. Қазір барлығы да ем қабылдап жатыр», – деді ол. Еске сала кетейік, бүгін анықталған екі науқастың алғашқысы – 1959 жылы туған әйел адам. Ол вирусты Алматыға Мәскеуден ұшып келген рейсте болған жұбайынан жұқтырып алған. Ал екінші науқас – 1995 жылы туған Қазақстан азаматы. Бұл ер адам Алматыға Сеулден ұшып келген.