Павлодарда жаңа 109 қызметі іске қосылды
Сонымен қатар бұл орталыққа шұғыл қызмет көрсету, денсаулық сақтау мекемелері мен дәріханалар желісіндегі ақпараттар келіп түседі. Елімізде коронавирусқа байланысты жарияланған карантин тұрғындарды алаңдатып отыр. Олар медициналық маскалар мен зарарсыздандыру заттарын қайдан алуға болатыны жайында сауалдарын жолдап жатыр.
Абзал Қабдыраш, 109 бірыңғай байланыс орталығының директоры:
- Бүгін таңертең «Медициналық маскаларды қайдан сатып алуға болады?» деген бірқатар сұрақ қойылды. Біздің операторлар міндетті түрде ол қоңырау иелерін 1406, 1409 немесе 103 нөмірлеріне қайта жолдайды. Өйткені барлық толық ақпарат сол нөмірлер арқылы беріледі. Бүгінгі таңда бұл тақырып өзекті болғандықтан операторларды тиісті ақпаратпен қамтамасыз еттік.