Коронавирус пандемиясы кезінде қалай амандасу керек?
Кей адамдар аяқпен амандасса, тағы біреулері үндістер секілді намасте жасауды кеңес етеді. Яғни екі алақанды бір-біріне тигізіп, басты изесе болғаны. Ал қол алыспай амандасу шариғатта бар ма? Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы не дейді?
Мұхамедияр Ыбырайұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:
- Аталмыш вирустың тарап кетуін алдын алу қажет. Денсаулық сақтау – әрбір мұсылманға парыз. Дегенмен қол беріп амандасу сүннет болғандықтан, қол беріп емес, «Ассалаумағалейкум» деп мұсылманша амандасқан абзал.