Коронавируспен күреске Тұңғыш Президент қорынан 200 млн теңге бөлінеді
«Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы қажетті жұмыстар толығымен атқарылуда. Мемлекет ауқымды шаралар қабылдап жатыр. Қауіпті инфекциямен күреске отандық бизнес те өз үлесін қосуда. Мен әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамымыздың бірлігін көрсетіп бұл бастамаға толық қолдау көрсетуге шақырамын. Бұл сынақтан абыроймен өтеміз. Біз біргеміз!», – делінеді Елбасы тапсырмасында.
Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне теңдей бөлінеді. Қаржылық көмек пандемиямен күресуге атсалысатын медициналық қызметкерлерді марапаттауға, қосымша маскалар мен дезинфекциялау құралдарын алуға жұмсалады. Сондай-ақ ақшаның бір бөлігі балалар үйі мен елорданың мамандандырылған ауруханаларын тамақтандыруға бағытталады. Қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық маска берді.