Хабар телеарнасы

Әлеуметтік маңызы бар орындар дезинфекцияланды

Шаһар шекарасына 7 блокбекет орнатылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары мәлімдеді. Бақтияр Мәкеннің айтуынша, дәрі-дәрмек бағасы мен медициналық тауарларды жеткізу ісі қатаң бақылауда. Оқшауланған жандарға қосымша орындар әзірленді. Азық-түлік қоры жеткілікті. Қала қонақтары мен тұрғындарына жекелей қызмет көрсететін орындардың жұмыс уақыты ұзартылды. Айта кету керек, блокбекеттер мен коронавирусқа қатысты нақты мәліметтер алу үшін Call-орталыққа хабарласу керек.