Өскемендік компаниялар санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейтті
Мәселен, облыс орталығындағы «Adal» автобекетіне осыған дейін күн сайын 32 бағытта автобус қатынап, 2-3 мың адамға қызмет көрсетілетін. Алайда инфекциялық ахуалға орай қазір бұл көрсеткіш азайды. Сәйкесінше жолаушылар саны да 80% кеміді. Дегенмен қоғамдық орында дезинфекция жасау жиіледі. Әрбір 3 сағат сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алмас Бейсенғазин, автобекет директоры:
- Автобус бір бағытқа кетерінде залалсызданыру өткізіледі, сосын келгенде жасалады. Автобусты автопарктен шыққан кезде хлормен жуған, осы жерге келгеннен соң залалсыздандырудан өткізіп жатыр. Арнайы мекеме қызметкерлерін шақырдық. Олардың арнайы сертификаты бар, соның қызметкерлері жасайды.