Хабар телеарнасы

Ақтөбедегі ХҚКО жаңа жұмыс кестесіне көшті

Қазір олардың саны екі есеге азайған. Құжаттардың 80% интернет арқылы рәсімдеуге болатынына қарамастан, тұрғындар ескі әдеттен арыла алмай келеді. Сондықтан мамандар азаматтарға арналған үкіметтің жергілікті филиалына бармас бұрын 1414 нөмірі арқылы анықтама алуға кеңес береді.

Әсел Мұстафина, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

- Егер азаматтар білмейтін болса, осы сайтта қалай алу керектігі рет-ретімен көрсетілген. Ал егер де нақты түсінбей жатса, Саll-центрде біздің жауапты мамандар отыр. Біз түсіндіріп, көрсетеміз. Көптеген қызметті үйде отырып, онлайн алғаны бізге жеңіл. Яғни азаматтардың денсаулығына алаңдағаннан кейін осындай жағдай жасап жатырмыз.