Хабар телеарнасы

Алматы қаласында тағы 1 үй оқшауға алынды

Енді тұрғындар 14 күн үй карантинінде болады. Ол жерде қазір дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр. Дәрігерлер тұрғындармен байланыс орнатқан. Оларға карантин кезінде жүріп-тұрудың нұсқаулығы берілді. Біздің тілшілеріміз Д.Қонаев көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысындағы 2 үй тұрғындарымен байланыста. 2 үйде 170-ке жуық пәтер бар. Үй карантинінде отырған адамдардың денсаулығы қалыпты. Қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек, медициналық бетперделерді супермаркет қызметкерлері жеткізіп береді. Волонтерлер де қолғабыс жасап жатыр. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін барлық төлем электронды түрде ғана жасалады.

Андрей Николаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Себебі бұл қаулы 2 күн бұрын ғана шықты. Ал біздің үйлердің карантинге жабылғанына 4 күн болды. Яғни бізді оқшаулаған кезде бұл қаулы болған жоқ. Оның үстіне бізде екі кіреберіске бір есік. Сондықтан бір кіреберісті жабудың ешқандай тиімділігі болмайтын еді.