Қызылордалық азамат жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ол: «Әлеуметтік желіге «Жаңақорған ауданында коронавирусқа шалдыққан азаматтар анықталды», – деп жазған. Бұл – Қызылорда өңірінде жалған ақпарат тарату бойынша тіркелген 3-ші дерек.
Бектөре Сұлтан, облыстық Полиция департаментінің бастығы:
- Шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі және арандатушыларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктер бар екенін айтамыз.