Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының волонтерлері тегін маска таратты
Себебі мысты өңірде соңғы жағдайларға орай аталмыш гигиеналық жабдықтардың тапшылығы байқалған.
Еріктілер шамамен 300-ге жуық көпреттік бетпердемен бірге коронавирус туралы ескертпелерді қала тұрғындарына үлестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Ұйымдастырушылар бетпердені өз қаржысына тіктіріпті.
Ардақ Тойлыбаева, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы:
- Бірнеше күннің ішінде 250-300-ден астам маска тараттық. Халық арасында үлкен қолдау тауып жатыр, сондықтан бұл іс-шара әлі де жалғасын табады.