Көкшетауда 56 жастағы тұрғын жалған хабарлама таратқан
56 жастағы қала тұрғыны осыдан бірнеше күн бұрын WhatsApp мессенджері арқылы «Облыс орталығына Оңтүстік Кореядан келген адамдарда короновирус анықталып, олар ауруханаға жатқызылды» деп елді шулатқан болатын. Ал ол бұл әңгімені қонақта отырып, басқа бір кісіден естігенін айтқан. Аталған әйел ақпараттың анық-қанығына мән берместен, оны құрбысына жеткізеді. Ал құрбысы оны 200 адамнан тұратын топқа таратқан. Осылайша қазір үшеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- ҚР Қылмыстық кодексі 274-бабының санкциясы бойынша кінәлілерге айыппұл төлету немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетейік, бұл – төтенше жағдай енгізілгелі бері тіркеліп отырған үшінші дерек.