Қазақстандық танымал тұлғалар халықты үйде отыруға шақыруда
Мысалы қазақтың бұлбұлы Майра Мұхамедқызы тәртіп сақтап, спортпен шұғылдануға үндейді. Ал Олжас Сүлейменов көпшілікке кітап оқуға кеңес береді. Танымал әнші Қайрат Нұртас қауіпті індетті біздің ел еңсеретініне сенім білдірді.
Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Қазағым, аман бол! Біз азат халықпыз. Індеттің таралуына жол бермейік. Үйден шықпайық. Осы уақытыңызды пайдаңызға жаратыңыз. Барымызды бағалай білейік.
Олжас Сүлейменов, ҚР Еңбек ері:
- Барлығына үйде отыруға бұйрық берілді. Жеке басым өзіме үйде отырған ұнайды. Себебі менің жұмыс орным осында. Жазуымды жалғастырамын. Мүмкін қазіргі балалар біздің балалық шақтағы оқиғаларды қайталап, кітап оқуға көбірек көңіл бөлетін шығар. Мүмкін қазіргі дағдарыс өз оқырмандарын іздеп табуға септігін тигізер.
Қайрат Нұртас, әнші:
- Отанымыз үшін, болашақ ұрпағымыз үшін, өзіміз үшін біз үйдеміз. Біз біргеміз. Үйде болайық, аман болайық!