Беларусь – оқушыларын карантинге жібермеген жалғыз ел
Ал таяуда бұл аурудан алғашқы науқас белгілі актёр Виктор Дашкевич қайтыс болды. Алайда елде әлі күнге дейін ірі спорт жарыстары өтіп жатыр. Мектептер мен жоғары оқу орындары да жабылған жоқ. Жуырда Александр Лукашенко кезекті рет коронавирусқа байланысты жағдайды «бос дақпырт» деп атап, ел тұрғындарын үйлерінде босқа отырмауға шақырды.
75 жастағы Виктор Дашкевич өкпе қабыну диагнозымен 19 наурызда ауруханаға түсіп, 24 наурызда оның ағзасынан қауіпті вирус анықталған. Ал кейін Виктор Дашкевичтің дүниеден озғаны белгілі болды.
Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:
- Трамп формуласын білесіздер. «Егер жұмысты дереу тоқтатсақ, коронавирустан гөрі адам аштықтан көп өледі», – деді. Оның шындықты айтқаны маған ұнады.
Беларусь – оқушыларын карантинге жібермеген Еуропадағы жалғыз ел. Ондаған студент бұған қарсы шығып, деканаттарынан тиісті бұйрық шығаруды талап етті. Алайда бейресми ақпарат бойынша карантин жариялаудың орнына сабағын жіберген студенттерді оқудан шығаратын түрі бар.
Надежда Шелепова, зейнеткер:
- Бізде футбол және хоккейден жарыстар өтіп жатқанын білемін. Жұртты оқшауландыру керек, өйткені өзгелерден бөлек бір ғаламда тұрып жатқан жоқпыз ғой.
Әлем бойынша футболдан ел біріншілігі тек Беларусьте өтіп жатыр. Сондай-ақ ел аумағындағы ондаған полигонда бір мезгілде әскери жаттығу басталып кетті. Оған 7 мыңнан аса сарбаз қатысып отыр. Ал алда жауынгерлерді одан да ауқымды шара күтеді.
Виктор Хренин, Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі:
- Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа дайындық жүріп жатқанын Президентке жеткіздім. Бүгінде қарулы күштерімізде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде 152 адам коронавирус жұқтырған. Беларусь мыңдаған адам Трамп пен Лукашенко формуласына құлақ аспай, үйлерінен шықпауға бел буды. Жүздеген компания өз бетімен қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысты.
Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров