Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемге Telegram-бот арқылы қол жеткізуге болады
1. Telegram-нан EgovKzBot2.0 өтіңіз;
2. «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдаңыз;
3. Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырыңыз;
4. Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түсіп, деректер 1 күн ішінде тексеруден өтеді. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді;
5. Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
6. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
7. Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі;
8. Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.
Telegram-бот 2 сәуірден бастап жұмыс істейді.
Telegram: @Kenes1414Bot (EgovKzBot2.0)