Әскери жиын – жұмыссыз жүргендерге таптырмас мүмкіндік
Олар мұндай ниетті Қорғаныс департаменті жанынан құрылған Call-орталыққа хабарлапты. Ал жауапты мамандар: «Қазір аймақ бойынша қай жерге қанша адамның қажет екенін анықтап жатырмыз», – дейді. Алдын ала болжам бойынша әскери жиынға 100 шақты азамат шақыртылуы мүмкін. Олар блокбекеттерде, қоғамдық патрульде тұруға және көшелерді дезинфекциялауға жұмылдырылады. Мәселен, көкшетаулық жеке кәсіпкер Ринат Құрманәлин өзінің елге қызмет етуге дайын екенін айтады. «Сондай-ақ бұл шара – жұмыссыз жүрген жастарға таптырмас мүмкіндік», – дейді.
Ринат Құрманәлин, жеке кәсіпкер:
- Қазір адамдар жұмыссыз қалды. Міне, солардың дәл қазір бір оқпен екі қоян ататын мүмкіндігі бар. Біріншіден, елге қызмет етеді. Екіншіден, аз да болса табыс табады. Қазіргідей қысылтаяң уақытта бұл өте маңызды.