Коронавирусқа қарсы вакцина туралы қазақстандық ғалымдар айтып берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өтті.
Институтта барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-еуі – векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде, 2-еуі – суббірліктік.
Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады.
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі ІІІ деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штамдарымен жұмыс атқаруда.
Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізілуде.
Институт – Қазақстан Республикасындағы медициналық иммунобиологиялық препараттарды дайындау, сынау және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеудің отандық технологияларын әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешетін жалғыз мемлекеттік ұйым.
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ДДСҰ денсаулық сақтау саласына арналған аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөнінде шарт жасасқан.