Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда, ауруханалар аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен орнатылды. Медицина қызметкерлері жұмысқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді. Осындай кешендер басқа да медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылады.