Польшадан гуманитарлық көмек келді
«Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді.
2020 жылғы 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түсті.