Еліміздің екі қаласында коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады
- Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;
- Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді;
- Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі;
- Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді;
- Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек;
- Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс;
- Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады;
- Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады;
Есте ұстау маңызды:
- Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды.
- Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды.
- Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды.
Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.