21 сәуірде Петропавл аумағында карантин режимі күшейтіледі
СҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес СҚО аумағында 2020 жылғы 21 сәуірде сағат 00:00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі.
Төмендегілерді қоспағанда аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарының аумағынан кетуге/кіруге тыйым салынады:
- халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- медициналық себептермен кететін және кіретін адамдар;
- карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдардың кетуі;
- транзиттік жүк көліктері;
- халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктері;
- көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, соның ішінде ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде жүруге болады;
- әуежайдың, теміржол вокзалы, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады.
Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы