Коронавирустан айыққан адамдар екі апта үйінде оқшауланады
Алматыда 88 адам дертті жеңіп, аурудан айықты. Бірақ өзге өңірлерде жазылып шығып жатқандар айтарлықтай көп емес. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Атырау облыстарында небәрі 20-дан астам адам коронавирусты жеңіп, денсаулығы жақсарды. Ал Қостанай мен Павлодарда коронавирустан бір адамнан ғана айықты. Ауруханадан шыққан барлық адам екі апта үйінде оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында болады.