Әуе қатынасының күшейтілген санитарлық талаптары бекітілді
Әуе қатынасының күшейтілген санитарлық талаптары:
- жолаушыларда COVID-19-дың бар-жоғын анықтау үшін ПТР тестінен өткені және оның теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың әрекет ету мерзімі — берілген күннен бастап 7 күн);
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (маскалар, қолғаптар);
- термометрия жүргізу, әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген түрде зарарсыздандыру.
Санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес рейстерде бортта тамақ берілмейді.
Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасатады.
Тест тапсыруға болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондары:
1. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан к. 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.
2. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалы: Жібек жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.
3. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Олимп» КДЗ: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент т. к. 2 (мобилді пункт). Тест 8 701 961 70 08 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу)
4. Алматы қаласындағы «Олимп» КДЗ: Медеу ауданы – Халиуллин к. 32, Сейфуллин к. 549, Жандосов к. 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к. 221/155, Гагарин к. 236б. Тест 8 701 961 7307 телефоны арқылы алдын ала жазылумен ғана жасалады (WhatsApp-қа мәтіндік SMS жазу)
5. Алматы қаласындағы «INVIVO» зертханасы: Қарасай батыр к. 123, қоңырау шалу орталығы: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81.