Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын қоқысқа дұрыс тастамау қоршаған ортаға қауіпті
«Коронавирус инфекциясы негізінен ауа тамшылары арқылы жұғады. Мәселен, маска киіп, ауырып жүрген адам жөтеледі, түшкіреді, содан кейін көшеде қорғаныш құралын тастай салады дейік. Онда жиналған вирус өзінің қауіптілігін белгілі бір уақыт бойы сақтап тұрады, осылайша басқа адамға жұғуы мүмкін», – деп түсіндірді вирусолог А. Богоявленский.
Сарапшының айтуынша, маскада вирус 30 сағаттан астам уақыт сақталады.
Вирусологтар халықты азаматтық белсенділік танытып, пайдаланылған жеке қорғану құралын (ЖҚҚ) қауіпсіз түрде жоюға шақырады, өйткені көшеде жатқан кез келген зат қауіпті болып саналады.
Пайдаланылған ЖҚҚ-ны алдымен полиэтилен пакетке салып, қоқыс тастауға арнайы бөлінген орындарға лақтыру қажет.
Далада масканы лақтырған адам «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» туралы ережелерді бұзады, бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы