Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келеді
Алайда жағдай тұрақталуда. «Себебі вирусты жұқтырғандар саны күннен-күнге азайып келеді», – дейді Алматы қаласының бас санитары мен бас дәрігері.
Қауіпті вирусты анықтау үшін жасалатын алдын алу шаралары оң нәтиже беруде.
«Дер кезінде жасалған диагностика, қауіпті вирустың кең етек алып кетпеуіне бірден-бір себеп», – дейді дәрігерлер. Қазір Алматыда полимеразды тізбекті реакция әдісімен ауруды анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өзін нашар сезініп, вирустың қандай да бір белгілерін байқаған адам, зертханаға барып, тест тапсыруға мүмкіндік алса, қауіпті аймақта жүрген медицина және әскери қызметкерлер сынамадан тегін өтеді.
Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Соңғы уақыттары Алматы қаласында осы COVID-19 диагностикалаудың тиімді тәсілі ПЦР диагностиканы қарқынды дамытып жатырмыз. Қазіргі таңда Алматы қаласында алты лаборатория осы бағытта жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 80 мыңнан астам адам осы ПЦР диагоностикадан өтті. Алматы қаласы біздің ел бойынша барлық аймақтың ішінен көш бастап келеді.
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1593-ші науқас тіркелді. Індет жұқтырғандардың 92% қауіпті вирус анықталған сәттен-ақ оқшауланып, көпшілікпен байланыста болмағандар. Яғни өзгеге жұқтырып үлгермегендер. Скрининг арқылы анықталған науқастардың өз денсаулықтарына шағымдары да аз болады.
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:
- Мұндай әдіс еңгізілгеннен кейін науқсатардың 75% жеңіл түрде және симптомсыз өткен түрлерімен ауырып жатыр. Бұл кезде әрине, олардың жазылуы да жеңіл. Екіншіден, осы асқыну жағдайлары да азаяды. Сондықтан осындай біздің белсенді скринингіміз осындай нәтижеге әкеліп жатыр.
Ал қала бойынша вирусты жұқтырғандар саны тәуілігіне 27% 5% дейін төмендеген. Бірақ босаңсуға әлі ерте. «Сондықтан бетперде тағып, қолды жиі жуып, әлеуметтік алшақтық сақтауды еш ойдан шығармау керек», – дейді дәрігерлер.
Авторы: Алуа Маханбет