Жамбыл облысындағы 7 ауылға газ құбыры тартылады
Қазір Бауыржан Момышұлы-Қошқар ата бағытында газ магистралі тартылып жатыр. Құбыр 15 елді мекен арқылы өткізілмек. Бұл таулы аймақтағы ауылдарды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыруға 600 млн теңге бөлініп отыр. 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады. Ал құрылыс аяқталған соң 30-ға жуық азамат тұрақты жұмыс істейді.
Ерболат Сейітбеков, Жуалы аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Бұл – тарихта болмаған жоба. Бірінші рет газ, ауызсу тартылып жатыр. Жалпы Жуалы ауданы бойынша 49 елді мекен бар. Оның ішінде осы уақытқа дейін 3 елді мекен қамтамасыз етілген болатын. 7 елді мекен биыл толық газбен қамтамасыз етілсе, ол өңірдің 71% құрайтын болады.
Авторы: Руслан Ахатіллә