Мобильді топ Өскемендегі нысандарды тексерді
Бетперде тағу, арақашықтықты сақтау сынды талаптар да ескерусіз қалған. Мәселен мобильді топ ұйымдастырған рейдтің бірінші күні тексерілген сегіз нысанның 90%санитарлық талап үдесінен шықпай, кәсіп иелері ескерту алды.
Мобильді топ шектеулер алынғаннан кейінгі алғашқы күні қаладағы дәмханалар мен мейрамханаларды аралап шықты. Демалушыларың көпшілігі тым бейқам. Қорғаныш заттарын мүлдем ұмытқан. Сақтыққа салғырт қарағандары бірден байқалады. Сондықтан белсенді топ мүшелері нысан иелеріне талаптың сақталуын тәптіштеп тұрып түсіндіріп, ескерту жасады.
Дәмханадағы орындардың арақашқытығы екі метр болуы тиіс. Көп адам жиналмауы шарт. Ірі сауда орындары дезинфекциялық шараларды әрбір 3-4 сағат жасауы керек.
Марат Исмаилов, ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы:
- Көбінесе біз барған жерлерде сатушылардың өздері бетпердесіз жүреді, карантин режимі сақталмаған. Басты талаптың біреі көп адам шоғырландырмау болатын. Бірақ тексеру кезінде адамдардың көпшоғырланғаны анықталды.
Осылайша алғашқыда тексерліген сегіз нысан иесінің басым көпшілігіне ескерту жасалды. Ал кейінгі жүргізілген рейд нәтижелері жаман емес. Көпшілік сабақ алған ұқсайды. Мәселен, тексеру кезінде әртүрлі мекемеде санитарлық қауіпсіздікті сақтауға ерекше ден қойылғаны байқалды. Дегенмен арасында әлі де қауіпті елемейтіндер табылып жатты.
Александр Светаш, қалалық мәслихат хатшысы:
- Азық-түлік емес сауда орындары енді ғана қызметтерін бастап жатыр. Сол себепті болар, кемшіліктер кездесті. Мысалы шаштараз ішінде бір қызметкерде бетперде бар болса, енді бірінде жоқ. Барлығына да ескерту жасаудамыз.
Қазір облыс бойынша 91 мобильді топ жұмыс істейді. Барлығының міндеті – санитарлық эпидемиологиялық талапты күшейту. Бастапқы кезеңде тек ескертулер жасалғанмен, қайтара анықталған кемшіліктерге кешірім жоқ. Ондай жағдайда кәсіп иесіне 100-500 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, тіпті нысан қызметі тоқтатылуы мүмкін.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин