Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты
Ол осылайша 4 мамыр күні көршілес Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылады. «Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғарылығы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық», –дейді дәрігерлер. Артынша кейуананың үш немересінің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.
Алмагүл Асқарқызы, дәрігер-инфекционист:
- 14 күн бойы ем-шаралар клиникалық протоколдарға сәйкес жалғастырылып, 15-күні «COVID-19» ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, әрі қарай бес күнге емді жалғастырдық. Одан кейінгі екі реттік ПЦР талдауының теріс нәтижесімен, жалпы клиника-лабороториялық көрсеткіштердің дұрысталуымен қазіргі уақытта сауығып, ауруханадан шығарылды.
Күмісхан Оразақынова, Кеген ауданының тұрғыны:
- Шелектегі емханада жатып, жақсы болып шықтым. Бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытылы тамағын іштім, жаттым. Дәрігерлерге рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!