Қазақстанда 20-21 маусымдағы демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі
Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып ЖАК биылғы 20-21 маусымдағы демалыс күндеріне мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:
- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.