37 қазақстандық майдангердің есімі Чехиядағы ескерткіш тақтасына жазылды
Оған кеңес әскері қатарындағы 1250 сарбаздың аты-жөні қашалған. Барлығы да Братислава-Брно шабуыл операциясы барысында Оржехов қаласын, Чехияның Оңтүстік Моравия аумағын және жақын маңдағы елді мекендерді азат етуге қатысып, осы жерде қаза болған. Бұған дейін олардың есімі белгісіз болып келген. Енді жан-жақты зерттеулер нәтижесінде кімдердің соғысқаны анықталған және есімдері он тақтайшаға жазылды.