Ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстары жеделдейді
Енді елді мекендерде антенна орнату үшін арнайы жер учаскесі бөлінеді. Операторлар кедергісіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасалады. Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы» Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Депутаттар бұл заңды да бір ауыздан мақұлдады. Жаңа заң экономикалық өсуді қалпына келтіріп, кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттырмақ. Одан бөлек ойын бизнесін бақылайтын заң жобасы және шетел валютасымен берілген ипотека жүйесі мен банктік емес ұйымдардың жұмысын реттейтін заң қабылданды. Яғни букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін бақылау тетіктері жетілдіріледі. Сенат отырысында «Аудиторлық қызмет туралы» заң жобасы да мақұлданды. Депутатттар қабылдаған заңдардың қатарында мемлекеттік қызмет саласын оңтайландыратын заң жобасы бар. Осылайша бірнеше заңды қабылдаған Сенат сессия жұмысын қортындылады