КВИ жұқтырған симптомсыз науқастар қалай емделеді?
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтып берді.
«Егер адам өзін жақсы сезінсе, денсаулығында ешқандай қиындықтар болмаса, қандай да бір дәрілік препараттар қолданудың қажеті қанша?! Менімен мамандар да, қарапайым адамдар да келіседі деп ойлаймын. Дәріні тек көрсетілімдер бойынша ішу керек. Ал ол дегеніміз ауру белгілерінің болуы. Қазіргі уақытта амбулаториялық кезеңде пациенттерге арналған алгоритм жасалған. Бірақ олар дәрігердің кеңесімен ғана рұқсат етіледі. Аурудың жеңіл түрінде дене қызуын түсіретін парацетамол ғана ішу ұсынылады», – деді.
Егер пневмония болса, ол – коронавирустың симптомсыз түрі емес. Ол кезде дәрігердің кеңесімен препараттар қабылданады.