Қазақстан тұрақты әуе қатынасын жандандыратын елдер тізімін кеңейтті
Бұл елдерден келетін жолаушылар үшін шектеулер жоқ. Бұған дейін бірінші санаттағы елдер тізіміне ҚХР және Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Талан кірген.
«Екінші санаттағы елдерге Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан қосылды. Бұған дейін бұл тізімде тек Түркия болған. Екінші санаттағы елдерден келген жолаушылар үшін мынадай шектеулер қойылады: коронавирустың жоқ екенін растайтын анықтама, егер анықтама болмаса, 48 сағаттың ішінде тест тапсыру немесе 14 күндік үй карантинінде болу керек», - деді ҚР ДСМ транспорттағы Бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов ОКҚ брифингінде.
Ал үшінші санаттағы елдер үшін тұрақты әуе қатынасы болмайтынын айтып өтті.