Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады?
Олар (80% дейін) жеңіл түрде ауырып жатқандықтан, жұқпалы аурулар стационарына жатқызу талап етілмейді және үй жағдайында емделуге болады. Дегенмен науқас жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін COVID-19 көңіл бөлуді қажет ететін ережелер бар. Коронавирустан үйде қалай емделуге болады?
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева мынандай ұсынымдар берді:
– Егер коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалса, бірден қорқынышқа бой алдырмаңыз. Үйде болып, басшыңызға хабарлаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз, тұрғылықты мекенжайыңыздағы емхана немесе 1406 нөміріне Call-орталыққа хабарласыңыз. Сонымен қатар учаскелік дәрігерге өзіңіздегі коронавирус инфекциясының симптомдары туралы айтыңыз.
– Аурудың ең жиі байқалатын белгілері: жалпы әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, иісті, дәмді сезбеу, дене қызуының 38-39 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуі, қалтырау, бастың қатты ауыруы, бұлшық еттің ауыруы. Кейде ауру ас қорытудың бұзылуымен – құсып, іштің өтуімен де жалғасады. Кейде 4-8 күнде кеуде қуысы ауырып, демікпеге ұласады. Тыныс алу қиындайды. Мұндай кезде учаскелік дәрігерді шақырып, жедел жәрдем қызметіне хабарласқан жөн.
– Вирустың симптомдары үйреншікті суық тиюге немесе тұмауға қарағанда, айтарлықтай ұзақ (аурудың жеңіл түрде өтуі кезінде 10-14 күннен бастап күрделі жағдай кезіндегі бірнеше аптаға дейін) болады. ЖРВИ, тұмау кезінде ауру 5-7 күнге дейін орташа деңгейде өтеді.
– Коронавирус инфекциясына күдігіңізді растау үшін учаскелік дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер симптомдарды айқындап, ПТР әдісімен анықтау үшін мұрыннан және аңқадан алынған жағындыны COVID-19-ға тексеруге жібереді.
– Оқшаулау орнын дәрігер белгілейді. Емхана дәрігері клиникалық картинаның негізінде шешім қабылдайды. Егер хал-жағдайыңыз субъективті түрде нашарлай бастаса, ауыр дем алсаңыз, кеуде тұсыңыз ауырса, төсектен тұра алмасаңыз және әлсірей бастасаңыз, онда ауруханада емделгеніңіз дұрыс.
Амбулаториялық жағдайда коронавирус инфекциясы тек қана қолдаушы терапияны талап етеді. Бұл вирустың өзіне әсер ете алатыны дәлелденген медикаменттер әзірше жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан COVID-19 кезінде ең маңыздысы – организмге аурумен өздігімен төтеп беруге көмектесу. Сұйықтықтарды суды, шайды, морсты көп мөлшерде ішкен жөн.