Қазақстандық журналистерді ҚР Ішкі істер министрі құттықтады
ІІМ басшысы өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша БАҚ-тың қоғамды дамытудағы маңызды рөлі ескеріле отырып, БАҚ қызметкерлері күні белгіленгенін атап өтті.
«Құрметті журналистер! Сіздерді БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналистің жұмысы қай кезеңде де өте жауапты және құрметті. Журналистер күнделікті ең маңызды жаңалықтарды жеткізіп, үлкен ақпарат ағынында бізге дұрыс бағыт ұстануға көмектеседі. Сіздердің арқаларыңызда жалпы қоғам шынайы және объективті ақпаратқа қол жеткізіп отырады. Бүгінгі таңдағы БАҚ өкілдері дарынды және креативті, өз ісіне берілген мамандар. Сіздер өздеріңіздің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, міндеттеріңізді адал орындап келесіздер. Отандық журналистика қазақстандықтардың барлық сұранысына толық жауап беріп, аудиторияға әртүрлі және сапалы контент ұсынады деп санаймын. Газет-журнал, радио және теледидар қызметкерлеріне осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін! Тұрақты көрермендеріңіз, тыңдаушыларыңыз бен оқырмандарыңыз көп болсын!», – делінген министр Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауында.