ШҚО-да «Жұмыспен қамту» бағдарламасына 77 млрд теңге бөлінді
Солардың бірі – қаладағы сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы. Мемлекеттен бөлінген 15 млн теңгеге бассейні толық жөнделді. Мекеменің шатыры да ауыстырылып, жапсарлас бөлігі де өңделді. Ал қала сыртындағы Зимовьев арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жылу жүйесі биыл толық жаңаланады. 1962 жылдан бері жамап-жасқаумен тұрған қазандық қайта салынып, ұзындығы 350 м құбыры да ауыстырылды. Дәл осындай жөндеу жұмысы Өскемендегі Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да жүргізіліп жатыр.
Баян Нәзбиев, қалалық арнайы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
- Біздің мердігердің айтуы бойынша 15 шілдеге дейін бітіруіміз қажет. Бүгінгі күні 13 адам Әлеуметтік жұмыспен қамту орталығынан келіп отыр. Қалған 30 адам – қарапайым жұмысшы.
Жасұлан Сәрсебаев, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Осы жол картасы аясында облыс бойынша 385 әлеуметтік нысан жөндеуден өтеді. Мұның арқасында 300 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады. Тұрғын үй коммуналдық саласындағы жұмыстың атқарылғанының арқасында 160 мың азамат нәтижесін көреді. 385 нысанның ішіндегі 24 ғимарат – әлеуметтік қорғау мәселесінің нысаны. Ол 24 нысанға жөндеу жасау үшін 2,2 млрд қаражат бөлінген. Бұдан бұрын бұл салаға мұндай көлемде қаржы бөлінбеген.