Елімізде амбулаториялық қызметтер бір жылда 6% қымбаттады
«Соның ішінде амбулаториялық қызметтер 6%, фармацевтикалық препараттар 6,9% қымбаттады» деп хабарлады energyprom.kz. Елімізде биылғы мамырда дәрігердің алғашқы қабылдауының бағасы 16,1% өсіп, 3,1 мың тг-ні құрады. Дәрігердің алғашқы қабылдауы әсіресе Алматы тұрғындары үшін қымбатқа соғып отыр (4,5 мың тг), ал ең арзаны Түркістан қаласында (1,9 мың тг).
Қазақстанда ультрадыбысты зерттеу орташа есеппен 3,5 мың тг-ні құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 12,7% көп. Биыл жалпы қан талдауының бағасы 1,2 мың тг-ге жетті. Тіс жұлдыру құны 10,6% өсіп, 3,9 мың тг-ні құрады.