Карантин талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл көлемі анықталды
Біздің ел тығылып, той тойлап, бетпере киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалы артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да іс-шаралар толып жатыр. Оған өздеріңіз де, көптеген азамат та куә.
Осындай шараның соңында кемінде 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандар да мәлім. Ең алдымен жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы және қоғам алдындағы жауапкершілік болу қажет.
Заң тарапынан жауапкершілік қарастырылған. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 000, заңды тұлғаларға 600 мыңнан астам айыппұл салынады.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.