Қатайтылған карантин кезінде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды
Сұлулық салондары, шаштараз, фитнес орталықтар, жабық базарлар, жағажай, мәдениет орталықтары мен мектепке дейінгі білім беру орталықтары өз қызметін уақытша тоқтатады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша елордадағы қоғамдық көліктер тоқтатылады. Одан бөлек өзге қалалардағы автобустардың да әрі-бері жүруіне тыйым салынады.
Жалпы Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады. Ал ғимарат ішіндегі дәмханалардың қызметіне шектеу енгізіледі. Енді тамақты тек тапсырыс беру арқылы ғана ала аласыз.
Тағы бір айта кететін жайт, 5 шілдеден бастап 65 жастан асқан адамдардың бейсауат жүруіне тыйым салынады. Ал өзге азаматтар бетперде тағуға міндеттеледі. Қоғамдық орындарда топтасып жүруге болмайды.